HR Qyzmet Жалпы қызмет көрсету орталығы – тиімділікті арттыру және клиенттердің функцияларды қаржыландыруға жұмысайтын шығындарын азайту мақсатында компаниялардың HR функциялары бойынша қолдаушы бизнес-үрдістерінің бір бөлігі шығарылатын мекеме.

2016 жылғы маусым айында «Самұрық-Қазына» Қорын Трансформациялау Бағдарламасы шеңберінде адам ресурстарын басқару бойынша функцияларды қайта ұйымдастыру мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ басшылығымен Қордың 13 компаниялары үшін HR ЖҚКО құру жобасын іске асыру туралы шешім қабылданған болатын.

Қайта ұйымдастырудың мақсаты – үш деңгейлік HR басқару моделін құру:

  • Операциялық тапсырмалар мен қайталанатын операцияларды жалпы қызмет көрсету орталығына тапсыру;
  • Әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету үшін сараптама орталығын күшейту;
  • Адам ресурстарын басқару және бизнеспен әрекеттесу салаларында стратегиялық мақсаттарға жету үшін HR-бизнес серіктестік тәжірибесін жетілдіру.

HR ЖҚКО құру келесі мәселелерді шешуді көздейді:

  • HR-үрдістерді қайта құрастыру, стандартау мен автоматтандыру арқылы олардың тиімділігін арттыру;
  • HR-қызметтерінің сапасын арттыру;
  • Үрдістерді атқару барысында еңбек шығындарын оңтайландыру.

ЖҚКО мақсаты клиенттерге қызмет көрсету келісім шартына сәйкес, бірыңғай сапа стандарттары бойынша қызмет көрсету. ЖҚКО сәттілігінің кепілі клиентке бағдарланғандық, және ол «HR Qyzmet» атауында көрсетілген, қазақ тілінен аударғанда «Qyzmet» – «Сервис».

Осы уақытта ЖҚКО көрсететін қызметтер:

  • қадрлық әкімшілік ету;
  • қызметкерлерді іріктеу;
  • жалақыны есептеу;
  • қызметкерлерді бағалауға әкімшілік ету;
  • әлеуметтік төлемдерге әкімшілік ету;
  • оқытуға әкімшілік ету;
  • шетелдік жұмыс күшіне қолдау көрсету.

Орталық әкімшілік HR-үрдістерді қайта құрастыру, стандарттау мен автоматтандыру, қызметтер сапасын арттыру және шығындарды оңтайландыру арқылы олардың тиімділігін арттыруға бағытталған үздік тәжірибелерді ескере тұра құрылған болатын.

оқытуға әкімшілік ету бойынша 13 компанияда 8000 жуық қызметкерлер

кадрлық әкімшілік ету бойынша 6 компаниядағы 600 қызметкерлер

жалақыны есептеу үрдісі бойынша 4 компанияда 300 қызметкерден астам

қызметкерлерді бағалау үрдісі бойынша 5 компанияда 350 адамнан астам

Халықаралық нарықта әрбір компания өзінің негізгі активі ретінде адам ресурстарын анықтайды. Қызметкерлерді заманауи дамыту және оқыту, тиімді үрдістерді және қызметкерлерді бағалаудың ашық жүйесін құрастыру компания өнімділігін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді. Аталған тренд бүкіл әлемде адам ресуртарын басқару бойынша жалпы қызмет көрсету орталықтарының таралуына және өсуіне жағдай туғызады, себебі орталықтандырылған басқару қайталанатын және ұқсас операцияларға жұмсалатын, клиенттер үшін қашықтықтан атқарыла алатын еңбек шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күнде әлемдік нарықтағы жетекші компаниялар жалпы қызмет көрсету орталықтарының қызметтерін пайдалануда.

Акмарал Кадырбаева
Директоры, «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің»

Кез келген уақытта бізбен хабарлассаңыз болады