FAQ

HR Qyzmet Жалпы қызмет көрсету орталығы – клиенттер функицяларының әрекет етуіне қолдау көрсету үшін жұмсалатын шығындарын азайту және тиімділікті арттыру мақсатында компаниялардың қосалқы қолдаушы бизнес-үрдістердің бір бөлігі тапсырылатын мекеме.

Әдеттегідей, ЖҚКО-на тапсырыс беруші компанияның негізгі қызметіне жатпайтын стандартты функциялар мен үрдістер тапсырылады. Қызметкерлерді басқару бойынша ЖҚКО туралы айтатын болсақ, бұл жерде кадрлық әкімшілік ету, жалақыны төлеу және есептеуәлеуметтік төлемдерге әкімшілік ету, қызметкерлерді іріктеу, қызметкерлерді оқытуға әкімшілік ету, олардың әрекетін бағалау және басқа операциялар.

HR ЖҚКО-нан қызмет алу үшін қызметкерлерге қосымша уақыт бөлу қажет емес. Орталықтың мақсаттарының бірі – клиенттерден түскен сұраныстарды өңдеу уақытын азайту және қызметтерді барынша қысқа мерзімде көрсету болып табылады.

HR ЖҚКО клиент-компанияларының барлық қызметкерлерімен олардың сервиспен қанағаттандырылғандығын бағалау туралы сауалнама өткізу арқылы келесі өлшемдер бойынша бағаланады: жауап беру жеделдігі, өтінімдерді өңдеу жылдамдығы, ЖҚКО қызметкерінің сыпайылығы, ұсынылған ақпарат толықтығы, ЖҚКО-мен әрекеттесу рәсімінің қарапайымдылығы мен қол жетімділігі;

Бірінші кезекте, компанияны қызмет көрсетуге көшіру үрдісінің егжей-тегжейлерін талқылау мақсатында жобалық топтың сарапшылары жобалық компаниядағы сарапшылармен кезедсулер өткізеді. Барлық келісім шарттар бойынша өзара келісу мен үрдістер бойынша деректерді тапсырудан кейін жобалық топ барлық қызметкерлер үшін коммуникациялық сессия өткізіп, ЖҚКО туралы толықтай ақпарат ұсынады. Одан басқа, өзгерістерді басқару шеңберінде компанияларды ЖҚКО жұмыс кестесу туралы плакаттар орнатылады, пошта арқылы ақпарат таратылады, кері байланысты жинақтау мақсатында өзгерістерге дайындықты бағалау өткізіледі және HR ЖҚКО жаршысы жарияланады.

HR ЖҚКО әрбір қызметкері HR ЖҚКО кез келген қызметкерін ол жоқ болған кезде алмастыра алады.

HR ЖҚКО қарапайым, қайталанатын операциялар тапсырылады. Қалған үрдістер компанияда қалып, жергілікті HR-менеджерлерімен атқарылады.

Үрдістерді HR ЖҚКО-на көшіру қызметкерлерге жалақы төлеу мерзімдеріне әсер етпейді. Олардың SLA бекітілуіне байланысты,  HR ЖҚКО жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ету қызметкерлердің негізгі ТКК бірі болып табылады.